Жапырақтар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жапырақтар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2683
Жапырақтар көктемде
Бейне бір шат балақан.
Қарап өткен-кеткенге,
Шапаттайды алақан.
Самал сүйсе маңдайын,
Жапырақтар таласа,
Тақылдатар таңдайын,
Тәтті сорған балаша.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері