Самолет пен пойыз

Бұл бетте «Самолет пен пойыз» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2587
Самолет тұрып мақтанды:
– Аялы жолым аспаным.
Қалдырып белең, бақтарды,
Баратын жерім қас-қағым.
Алматы – Ташкент арасын
Сағатта-ақ ұшып өтемін.
Тәулік сен жүріп барасың,
Ойлашы, пойыз не теңім?
– Өзің біл оны, – деді де,
Орнынан пойыз қозғалды.
Самолет сонда керіле:
Көрсетем, – деді, – озғанды.
Сол пойыз жерге діттеген
Жететін сәтте-ақ жеткен-ді.
Артық та баға күтпеген,
Міндетін адал өткерді.
Бұзылып ауа райы,
Самолет тәулік ұшпады.
Келесі таңда Құдайы
Тағы да бір күн ұстады.
Ташкентке содан самолет
Үшінші күні жетті әрең.
Бұрынғы бөспе шама жоқ,
Пойызды жанай өтті әрең.
* * *
Күнбұрын, бауырым, бөспегін,
Жолыңды ерте кеспегін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Самолет пен пойыз өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Самолет пен пойыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Самолет пен пойыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Самолет пен пойыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері