Ләззат қыз — ғажап қыз – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ләззат қыз — ғажап қыз» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.01.2019
  • 0
  • 1
  • 10408
Тапталмасын деп қазақтың кек, ары,
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Топты бастап шықты Ләззат алаңға,
Толған шақта он алтыға не бәрі.

Қайырмасы:
Қаһарман қыз, ғажап қыз,
Ұрандады Ләззат қыз:
«Жасқанбаған жауынан,
Біз қазақпыз, қазақпыз!
Біз қазақпыз, қазақпыз!
Өмір керек азапсыз.
Ел боламыз егемен,
Сонда ғана азатпыз!».

Азаптады қарақшылар қанқұйлы,
Қазақ қыздар қорлық көрді сан қилы.
Арпалысып теңдігі үшін халқының,
Батыр Ләззат желтоқсанда жан қиды.

Қайырмасы.

Елі үшін ерлігімен елене,
Абырой мен атағына бөлене,
Ләззат сынды қазақ қызы қаһарман
Ұрпағына болар мәңгі өнеге.

Қайырмасы.


Пікірлер (1)

Томи

Осы әннің нотасы керек еді

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ләззат қыз — ғажап қыз өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ләззат қыз — ғажап қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ләззат қыз — ғажап қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ләззат қыз — ғажап қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері