Байеке Қадіржановтың рухына – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Байеке Қадіржановтың рухына» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.06.2021
  • 0
  • 0
  • 620
Алакөл жағасындағы жұрт көп баратын демалыс орындарының бірі — "Жалын" — осы елдің қадірлі азаматы Байеке Қадіржанов атымен аталады. Ақ айдын Алакөлге сұғына кіріп жатқан сол демалыс орнының ашылу рәсіміне марқұмның (бала-шаға, дос-жарандарымен бірге мен де қатысып едім.

Байеке Қадіржанов — қадірлі аға,
бай едің санаға да, сабырға да,
Айдынды Алакөлдің жағасына
Келдіңіз қайта оралып, дабыл қаға.
Баяғы сол еліңіз, со көліңіз,
азырақ аялдаңыз, бөгеліңіз,
болатын жан саясы бір саяжай
осында орнатсам-ақ деп едіңіз.
Жартасқа жаңғырығып жоғалмады үн,
мінеки, орындалды сол арманың,
амал не, осы қызық той-думанның
ішінде өзің ғана бола алмадың!
Бола алмай ағайынның арасында,
кім білсін, ғарышқа ұшып барасың ба,
әйтеуір, мәңгілікке қалды есімің
ел-жұрттың жүрегі мен санасында.
Көз алмай дәл қазіргі тамашадан,
қарайды көл бұрылып, жаға Саған.
Атынды ақ мәрмарға ойып жазып,
мәз болып, қол соғады бала-шағаң.
Болмашы біреулерге кінәні артып,
бұл күнде себеп те жоқ жыланар түк,
жасаурап екі көзі жарыңыздың
білмей тұр не жасарын будан артық.
Жасырмай жеріңіз де бізден белін,
бір сәтке Ебіңіз де үзген демін,
атынды ести сала тына қапты
сан рет айдынында жүзген көлің.
Алқыммен ызғынды есіп, қызғын көшіп,
алқалап, шалқалап та жүздің кесіп,
ағатай, осы арадан өттік қанша
жел қайық жотасына біз міңгесіп.
Жетіліп ұлдарыңыз, қыздарыңыз,
куәсі болып тұрмыз біз бәріміз.
"Жалынның" атын мәңгі иемденіп,
орнығып осы арада Сіз қалыңыз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Байеке Қадіржановтың рухына өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Байеке Қадіржановтың рухына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Байеке Қадіржановтың рухына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Байеке Қадіржановтың рухына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері