Өлең, жыр, ақындар

Сәкен Иманасов

Сәкен Құсайынұлы Иманасов (2 мамыр, 1938 жыл, Алматы облысы, Алакөл ауданы Талапкер ауылы - 10 желтоқсан 2012 жыл Алматы) - ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006).

1938 жылы 2 мамырда Алматы облысы, Алакөл ауданындағы Талапкер ауылында туған. Қазіргі Үшарал қаласындағы Абай атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін теміржол құрылысындақатардағы жұмысшы, ұжымшар қызметкері, аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы болып істеп, 1959 жылдан бастап бірыңғай журналистика қызметіне қарай ойысады. Алдымен аудандық, кейін "Лениншіл жаста", облыстық партиякомитетінде, Қазақстан Жазушылар одағында жауапты қызметтер атқарған."Балдырған" журналында, "Қазақ мемлекеті" газетінде, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында істеген. "Жазушы" баспасында редактор, редакция меңгерушісі, бас редактор қызметтерін атқарған. Кейінгі жылдары Алматы облысықәкімшілігінде жауапты қызметте болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған. Алғашқы өлеңі 1956 жылы жарық көрді. Содан бергі кезенде: "Туған ауыл","Ақ айдын", "Ак дариға", "Жайдарман", "Ғашық дүние", "Алтынаймақ", "Ғашықпын саған", "Бел-белес","Адырна", "Жебе", орыс тілінде "Созвучие","Тетива" атты кітаптары, 1993 жылы шығармаларының екі томдығы жарықкөрді. 1998 жылы бір томдық тандамалысы, 2001 жылы "Қаламдастарым мен замандастарым"атты эсселер, пайымдамалар, арнау өлеңдер кітабы шыққан. 2003 жылы"Елорда" баспасынан соңғы оншақты жыл ішінде жазылған өлеңдері"Өнердің жүзі" деген атпен, естеліктері"Жазушы" баспасынан "Қалам мен Заман" деген атпен жарық көрді.Көркем аудармасаласында оның тәржімасымен Шығыс шайыры Жалаладдин Руми, орыс ақындары А.Кольцов, В. Маяковский, ангола ақыны А.Нетто, саха М.Ефимов, қырғыз А.Рысқұлов, С.Жусуевтердің кітаптары қазақ тілінде жарық көрді. Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты.


Туындылары Өлеңдері

Қарап көріңіз