Көрмеген төрім түгіл, есікті анау
Бұл бетте «Көрмеген төрім түгіл, есікті анау» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көрмеген төрім түгіл, есікті анау,
кешегі құл баласы ең тесік танау,
кім білсін, ертеңгі күн не боларын,
есіп қал осындайда, бөсіп қал-ау!
Бөлек кет, бос лағып бейпіл ақ та,
жетсең жет "пысық, еді" дейтін атқа.
Ауылда Алпамыстар жоқ кезінде
шіренген дәл осылай Кейқуат та.
Кешегі кең дүнием төрткүлденіп,
қалғаны осы ма еді өрттің кеміп!...
Сумаң қаққан сұрқыңды көрген сайын
танауыңнан тұрады шерткім келіп!...
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі