Өзгеріп шыға келіп өмір бірден
Бұл бетте «Өзгеріп шыға келіп өмір бірден» атты Сәкен Иманасов жазған өмір туралы өлең берілген.
Өзгеріп шыға келіп өмір бірден,
қалмады дейсің, қалқам, көңіл кімнен,
Әп-сәтте алабұртып төңірегім,
қаншама еңіредім,
егілдім мен!..
Қамығып көрмегендей бірі мендей,
кешегі қатарласым —
бүгін ермей,
Әп-сәтте қала берем шөгіп іштей
көңілім бордай болып үгілердей.
Тірлікте нала да бар,
жала да бар,
шақ та бар жұрт ішінде дара қалар, —
Амалсыз өзін-өзі оққа төсеп,
Жүрегің жазылмастай жараланар.
Аямай сен де бүгін тілімдедің,
оған да бүлінбедім, бүгілмедім —
неғұрлым жарам ауыр болған сайын,
шығып жүр ашығырақ үнім менің!
Ағаңды алдамаған бүгінде кім,
оған да бүлінбедім,
түңілмедім,—
Көңілім қалған сайын —
барған сайын
өтімді бола түсіп жырым менің!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі