Еркеғали ағама – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Еркеғали ағама» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.06.2021
  • 0
  • 0
  • 774
Еркеғали Рахмадиевтің 70 жылдығында оқылған өлең

Баяғыдан бағынған әміріңе
жүріп тұр ғой билігің бар ініңе,
атақ-даңқың аспандап кетті бүгін,
жетті бүгін алты алаш қадіріңе!
Қайда барсаң —
қазақтың жақсы ұлдары
құрақ ұша қарсы алды, жатсынбады.
Құшып-сүйіп жатады,
қашан көрсем,
арулар да аршын төс, ақ сырғалы.
Ән мен күйге толтырып аспан астын
жетпіс дейтін жетелі жасқа бастың,
шабытыңды қайтадан қайрап алып,
таусылмайтын тағы бір таспаны аштың!..
Қари білген, жүрекке дари білген
күмбір қағып күйің тұр — нар идірген,
Қазағымның бағына біте қалған
жалқы туар жақсым деп танимын мен!
Көрінгенді көзге іліп, менсінбедің,
Тірлікті де патшадан кем сүрмедің!
Танығысы келгендер тектілікті
Еркеғали ағамды көрсін менің!
Ата қаздай кейде бір дара қанат,
Тәкәппарсып тұрғаның тарана ғап,
Замандасың —
қатарлас үлкен-кіші:
"Ер-ағалап!" — жатады, "Нар-ағалап!"
Шындық болып қашаннан жүгінерің,
оза шауып ортаңнан шығып едің.
Қызметінде жүреді құрақ ұшып
ел билеген еңселі інілерің.
Жүзіндейсің әрдайым жарық айдың,
Дос-дұшпанның бәріне бағың айбын.
Күй тілінде сөйлеткен өзің бүгін
жебей берсін киесі Абылайдың!

2000 жыл. Маусым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еркеғали ағама өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Еркеғали ағама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еркеғали ағама өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еркеғали ағама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері