Мен де тұрам
Бұл бетте «Мен де тұрам» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен де тұрам
сен тұратын қалаңда,
жолығамын жақсыға да,
жаманға,
басып кеткен жоқпын ба деп ізіңді,
ауық-ауық қарап қоям табанға.
Баратын жер,
басар тау да жоқ басқа,
мен де отырам
сен отырған көк тасқа,
әңгіменің тыңдамаймын ақырын,
қаншама рет "қарағым-ай!" деп баста.
Мен де жүрем сен жүретін көшеңде,
естіге де кезігемін,
есерге,
табанымды тұрам ұзақ сүрткілеп,
...етігімді шешерде!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі