Текті де едім
Бұл бетте «Текті де едім» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Текті де едім,
кешелер бетті де едім,
билікке де біршама жетті қолым,
Ақылым да бар еді (кімге бірақ
опа бере қойыпты көптігі оның).
Жан болмаса жанында жүрген елеп,
ақылыңның бар-жоғы кімге керек,
ажалдан да құтылып
арамзаң жүр,
ебін тауып,
әйтеуір, бірдеме деп.
Шыр айнала шарқ ұрып шағалалар,
бір амалын қайтсе де табады олар,
айлалыңыз
сондықтан
біздің елде
ақылдыдан жоғары бағаланар!
Маңдайына бұйырған бір ғана тіл,
кімге дәрі деп едің құрғақ ақыл.
Бұл сөзімді оқы да,
ағайын-дос,
сен де біраз ойланып...
ырғала тұр!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі