Бұл бетте «Белгісіз» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Не шығар енді келіп өкінгенмен,
қамығып,
қадіріңді кетіргеннен,—
көп қыздың бірі екенсің, қарағым-ай,
көктемнің көбелегі секілденген.
Ғашық та бола жаздап бір күн ерсең,
тұрасың қона жаздап —
гүлді көрсең.
Көненің көзіндей боп, қылықтым-ай,
деп едім,
өзгелерге үлгі берсең...
Ұнаған
қылығыңда,
бұрымың да,
деп едім,
тұңғыш татқан тұнығым ба...
Кім білген,
үміт,
күдік сиыспасын
махаббат дейтін сол бір ұлы ұғымға.
Қамығып,
қалқам, саған кейімедім,
өзім де алдануға бейім едім...
Белгісіз —
сенімсіздік араласқан
ащы ойдан енді қашан сейілерім...
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі