Ұятты да, арды да – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Ұятты да, арды да» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 866
Ұятты да, арды да,
айырбастап айлаға:
қара салмай алдына,
қарқ болды пайдаға.
Асығар да аптығар,
арамзаны жақын ғып,
Тағы қандай тәтті бар —
таңдайына татырлық?
Туа жаттың өзің де
туыс етіп біраз күн,
Ебі болған кезінде
есігінде жүр азғын.
Жүретіндей түсіп тең,
әрі мырза, әрі ашық,
кешегі үрген күшікпен
кетеді ауыз жаласып.
Алдарқатып ағаны,
қымтай ұстап алды-артын,
сені де іздеп табады
көтерілсе сәл нарқың.
Жалың бар ма желкенде,
қолтығыңда — білегі,
болатынын ертең не
елден бұрын біледі.
Таусағандай біразға
Тағы қандай тәтті бар?
Тіршілікке қыры аз ба —
туысын да жат қылар.
Жалап-жұқтап маңайын,
бір қанағат қылмайды.
Айтыңдаршы, ағайын,
кім дейтін ек мұндайды?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұятты да, арды да өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Ұятты да, арды да өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұятты да, арды да өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұятты да, арды да өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері