Менің де "у мен өртке" толды-ау ішім –
Сәкен Иманасов
Бұл бетте «Менің де "у мен өртке" толды-ау ішім» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Менің де "у мен өртке" толды-ау ішім,
Жетпейді әудем жерге зор дауысым,
Келіп ем достықты да қолдан иіп,
Көріп ем тон да киіп — тоңбау үшін.
Қайтейін,
жарамады емге бірі,
Түсінбей әлі күнге ел де мұны, —
Тонымды иығыма жапты қасым,
Досымның жатты басым...
пенделігі.
Өршітіп ішімдегі өртті күмән,
Түлкідей тіршілік те етті бұлаң.
Жылғадай ындыныңды қандырмайтын,
Тұрғаны-ай түгелденбей төрт құбылам!.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі