Тағы ұнарсың біреуге
Бұл бетте «Тағы ұнарсың біреуге» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тағы ұнарсың біреуге,
тағы ұнарсың,
Тағы да ұнап,
тағы да жаңыларсың.
Мен есіңнен шықпаспын қайда жүрсең.
Жек көріп те отырып, сағынарсың.
Мен де, бәлки, біреуге тағы ұнармын,
Тағы талай тірлікте жаңылармын.
Сені есімнен, әйтеуір, шығара алмай,
Жек көріп-ақ отырып, сағынармын.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі