Құшсам-ақ дейтін бұралтып белін –
Сәкен Иманасов
Бұл бетте «Құшсам-ақ дейтін бұралтып белін» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құшсам-ақ дейтін бұралтып белін
қылықты қыздың бірі едің.
өзіңді жұрттан тым артық көріп,
түрлене түлеп жүр едің.
Артық бір аяқ баспайтын едің,
менсінбей мынау жалғанды.
Қасыңмен қағып тастайтын едің
қасыңа жақын барғанды.
Күйреді қанша балапан тағдыр,
үзілді, дүние-ай, қанша үміт.
Үлбірей өскен алақандағы ұл
табанда жатты-ау жаншылып.
Алдап та қашып, әурелей беріп,
Үздің үмітті ұмытпай
Ақ қарға түскен сәуледей болып
Жымиғаның да жылытпай.
Ауыспай бізге кезіндегі бақ,
қалыппыз ауа қармап шын.
Қайтейін, қалқам, өзің де, бірақ
бақытты бола алмапсың!..
1967 ж.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі