Не жазам!
- 0
- 0
Не туралы жазбақпын? —
Баянсызын айтсам ба әлде басымдағы аз бақтың,
кімнің ғана қам көңілін көншітіп,
кімнің отын маздаттым?
Бұл бетте «Алакөлге шақырғанда» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тірлігімнен түк өнбей,
тілім неге байланды?
Жан-дүнием түгелдей
жаңғырыққа айналды.
Даласында майданның
жағасында Сайранның
өтті-кетті, не керек,
қарымтасыз қайран күн,
Бұрынғылар тықты апарып торға да,
жырындылар жықты апарып орға да,
шындық үшін жаны шығып,
шырылдап,
Тілімнен де, білімнен де шықпай мән,
ағайынға тие қоймай түк пайдам,
алты алаштан артылады-ау дерліктей
ақылым да әдірә қап, бітті айлам.
Өскенімді айтып ем, толғанымды,
көшкенімді айтып ем, қонғанымды,
айтып едім бір ғана әулет емес,
әлеуметтің тірегі болғанымды.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі