Даласында майданның – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Даласында майданның» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 625
Даласында майданның
жағасында Сайранның
өтті-кетті, не керек,
қарымтасыз қайран күн,
мықтылардай өзімді, ұқтыра алмай сөзімді
түлкі бұлаң тірліктің тазысына айналдым.
Қайырыла қарасам — өкініші аз, өрт те кем,
күмбірлетіп кеудемде күй қалмапты шертпеген,
ағармай-ақ қойдым-ау пәле-жала, күйеден,
таба алмай-ақ, құдай-ау, дауасы жоқ дертке де ем!.
Қарапайым басымды хан ұлына теңгерген
тарылмай-ақ келіп ем, барымды аяп, мен де елден.
Үрейімді ұшыра
үдей түсіп зар-мұңы,
көргенімнің барлығы серуен емес, сергелдең!
Таусылғаны осы-ау деп тау суындай амалдың, —
жарық күні қолыма жарқыратып шам алдым.
Қабағын да заманның бағып қойып біресе,
қағып қойып жүргенім қабырғасын қамалдың...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Даласында майданның өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Даласында майданның өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Даласында майданның өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Даласында майданның өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері