Бұл бетте «Жасымда» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жасымда
(ақыры ауыр сорға ұласып),
бір қызға құшағымды көрдім ашып...
Дерліктей,
көріктінің хас тәңірі,
өзіме басқа бірі болды ғашық.
Болмасын маған пенде сезе ме тым,
біреуі —
мені көрсе безеретін,
Біреуі —
қайда барсам қарауылдап,
соңымнан күні-түні өзі еретін.
Біреуі —
құрақ ұша күлімсіреп,
тұратын жанарымен:
"Бұрылшы!" — деп.
Біреуі —
мен дегенде кекірейіп,
Кергитін,
көргендей-ақ бірінші рет.
Менсінбей,
бедірейіп — бірі мені,
біреуі үміттеніп жүріп еді.
...Екі қыз еске түссе,
есеңгіреп,
көңілім өлі күнге бүлінеді.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі