Бұл бетте «Барарсың да батыл үдеп» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Барарсың да батыл үдеп,
түсер бір кез ой басқа,
ар азабы ақыры кеп,
өкіндірмей қоймас та.
Барлығын да еске аларсың,
біраз жылдар өткізіп.
Амал қанша,
кеш қаларсың,
көзден ұшып көп қызық.
Арманым деп,
аймалаған
адам таппай кешқұрым,
боларсың бір айлап алаң,
ішіңді өртеп ескі мұң.
Ас та батпай ішер мынау,
ішінде бір жанғанда от,
мен есіңе түсермін-ау,
алыстағы арман боп.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі