Арланын арыстанның қырғиы ілген –
Сәкен Иманасов
Бұл бетте «Арланын арыстанның қырғиы ілген» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Арланын арыстанның қырғиы ілген
аңшыдай әңгіме айтып тілді үйірген
отыр ем топ ішінде жарқылдап тек,
тиісті ол арпылдап кеп бір бүйірден.
Жаңағы жайма-шуақ шырқымызды,
арылдап, дарылдаған күлкі бұзды, —
пердесін бетіндегі сырып тастап,
шынжырын мойнындағы жұлқып үзді.
Тірліктің наласы мен нарқын дәттеп,
отыр ек әңгіме айтып, ән тыңдап тек,
ұрынып анаған да, мынаған да
төбеттей тиіскені-ай арпылдап кеп!..
Болғандай зиялының бірі десе,
сыпайы-ақ жігіт еді күні кеше,
білмей де кетер ме едік кім екенін,
отырған орындығы шірімесе.
Кім білсін, аттан түсе кеткен бе есі,
сырылып шыға келді бет-пердесі,
біз түгіл,
түрін көріп түңіліп тұр
кешегі келдектесі, кетпендесі.
Бет қайда,
бедел қайда,
пошым қайда? —
баласы пошымынан шошынбай ма?
"Өмірде не болмайды?" — десек тағы,
тіліңді тістейсің кеп осындайда!..
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі