Бұл бетте «Сері ме» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сері ме,
селтеңі ме,
пері ме едім,
байыппен бағалапты мені де кім, —
төбеме тік көтердім жақсыларын,
жаманнан баяғыда-ақ жерігемін.
Біреуі болмайын деп шыр бітпестің,
асықпай, абыройлы тірлік кештім,
Аллаңыз ажыратпас арамызды ар-ұят,
адалдықпен кіндіктестім.
Біреуден ілгері ме, кейін бе едік,
көрмедім жаңа заңға бейімделіп,
алағай, бұлағай да бола алғам жоқ.
қойған соң құдай өзі зейін беріп.
Төкті ме мейірімін Аллам маған,
кезім жоқ суға кетіп, тал қармаған.
Әйтеуір, адастырмай келе жатыр
сол алғаш ағайыннан алған бағам.
Жақсының бірі ғой деп жөні бөлек,
бұл күнде жатқан кім бар сені де елеп.
Әзірге алған асу осы боп тұр,
тіршілік тәртесіне жегіле кеп...
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі