Қалыңдап күннен-күнге қайғым менің
Бұл бетте «Қалыңдап күннен-күнге қайғым менің» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қалыңдап күннен-күнге қайғым менің,
өзіңсіз өтіп жатыр ай-күндерім.
Тағдырдың тәлкегіне көп алданып,
бірлесіп тере алмадық май гүлдерін.
Тұра алмай уәдеде, жүз алданып,
қаншама қиналмадық, қызармадық.
Тағдырдың арамызға керіп қойған
арқанын
арпалысып,
үзе алмадық.
Сеніңде
дей алмаймын
кінәң қалың,
болмады-ау бұдан әрі шыдар халің,
сезімге алып-ұшқан жеңдірсек те,
сөзімде мен де, жаным, тұра алмадым.
Мөп-мөлдір махаббатым,
шат күндерім,
қайғым бар қайыстырар аттың белін.
Ішімнен есіміңді жүз қайталап
жүрмін-ау,
таңдайдағы тәттім менің!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі