Тірлігімнен түк өнбей – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Тірлігімнен түк өнбей» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 625
Тірлігімнен түк өнбей,
тілім неге байланды?
Жан-дүнием түгелдей
жаңғырыққа айналды.
Жазбасын да кеселге,
жауға айналып тұр белес.
Қанша таяқ жесем де,
қайтейін-ай, кірмеді ес!
Қарамаппын әліме,
қарайғанды дос деп пе ең,
жұрағаттың бәріне
жүгірумен өшті өкпем.
Көп сырымды ішті емге
"көріпкелі" бар ағай,
сергелдеңге түскенде
септесуге жарамай.
Таға алам ба көпке мін,
Талады деп жат талай
Досқа деген өкпенің
іште бұғып жатқаны-ай!
Қателесіп жүрдім бе,
кеше ғана кеп едім.
Жерге қарап бір күнде,
Желім болды жегенім.
Ірің болып ішкенім,
Іркілдім де қалдым мен.
Күресуге күш кемін,
қулар қалай дәл білген!
Шықпайды ащы қалай үн,
шындықтан да түңілдім. .. .
Қоя-ақ қойшы, ағайын,
Керегі жоқ түгіңнің! 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тірлігімнен түк өнбей өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Тірлігімнен түк өнбей өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тірлігімнен түк өнбей өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тірлігімнен түк өнбей өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері