Дау – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Дау» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 824
Айналамды қоршаған, қаумалаған
ағайынның барлығы жау ма маған?!—
Ақ сөйлесем болғаны, адал айтып,
айықпас бір алапес дауға қалам.
Айдап шықсақ дей ме екен елден мені,
келдек ала жүгіріп кердеңдері,
шекпендісі тұрады қыр көрсетіп,
шенділері, ішегі шелденгені.
Күшігі де кіжініп, күшігені,
қыр соңыма қырты да түсіп еді,
аждаһадай арбасып алпауыты,
балағыма жармасып кішірегі.
Тауы да абат, таудағы бауы да абат,
қайдағысы қағынып, жауығады-ақ.
Өз сөздерін айтсам да өздеріне
осылардың жүргенім дауына қап.
Беделіме келер деп енді нұқсан,
елді ұмытсам не болар, жерді ұмытсам, —
Дауласқым да келмейді, жауласқым да,
керауызды кетер ем жер қылып сан.
Қаңқу десе қолына қауғаны алмай,
аш бүйірден қойсын ба "жау" қадалмай,
жалған айтып жақынға, жалт бұрылып,
жақсы ма әлде жүргенім дауға қалмай?! 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дау өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Дау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері