Бұл бетте «Сені ме?» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сені ме бір...
деумен-ақ,
сені ме бір!..
сергелдеңге түскені-ай сері көңіл!
Сәруар гүлдей солар ма сабағында
серуенсіз
сертіне берік өмір.
Қор болам деп, құдай-ау, елден неге,
сері көңіл айналды шермендеге.
қанатынан қайрылып қалғаны ма,
көтеріліп ұша алмай жерден дене!
Айдындағы аққудың бір сыңары,
алдап қойып, амал не, жүрсің әлі.
Қырсығады өмір де кейде осылай,
көптен бері көңіл де тыншымады.
Өрі де гүл кешегі,
төрі де гүл,
шермендеге айналды-ау сері көңіл.
Сергелдеңге салғаның жетер енді,
тірі жүрсем —
сені ме,
сені ме бір!..
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі