Бір сен деп қайда ғана бір кетпедім –
Сәкен Иманасов
Бұл бетте «Бір сен деп қайда ғана бір кетпедім» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бір сен деп қайда ғана бір кетпедім,
бүрсеңдеп боранда да дірдектедім,
Қаншама жырымды да саған жазған
қалтамда сақтай-сақтай кірлетпедім.
Ерітіп өзіңді де отым менің,
есімде біржолата бекінгенің.
Кеудемде ұя салған, қарлығашым,
менікі, тек менікі-ақ секілді едің...
...Барында жұрт қызығар келбетіңнің,
ойланбай от бастың да...
енді өкіндің,
Қайтеміз мұң да шағып,
тыңдашы анық.
айта алмай айтарымды
мен де тұрмын..
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі