Бұл бетте «Жауынгерлер жыры» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бабалар мақтаған,
Ағалар баптаған.
Отқа да оралып,
Суға да жүзгенбіз.
Жалған сөз айтпаған.
Жаудан бет қайтпаған.
Туған ел ұланы,
Қыраны біздерміз.
Қайырмасы:
Ұланы да біз,
Қыраны да біз.
Ел аузындағы
Ұраны да біз
Пырағы да біз
Шырағы да біз
Алысқа самғап шабатын,
Мәңгілік лаулап жанатын.
Жаңарған елді де,
Жасарған жерді де,
Енді тек біз қорғап,
Енді біз бастармыз.
Шетінен намыскер,
Қайратты ғарышкер,
Білімді, білекті,
Жүректі жастармыз.
Қайырмасы
Өрдеміз, төрдеміз,
Егемен елдеміз.
Туымыз желбіреп,
Желкілдеп гүліміз.
Құрыштай білекті,
Арыстан жүректі.
Тәуелсіз қазақтың,
Тәуелсіз ұлымыз.
Қайырмасы
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі