Шың – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Шың» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 961
Алдымызда асусыз бір шың бары,
бір шың бары белгілі,
білсін бәрі,—
жетем деумен,
асып та кетем деумен
қанша болды, құдай-ау, құлшынғалы.
Ұмтылып ем елемей өр-белеңін,
басқалардан бақытым кем бе менің,—
Қыран болып қасына таяп бардым,
жылан болып тасына өрмеледім.
Алдырмады,
амал не, алдырмады,
көкіректе қайғының қалды ырғағы, —
Төбеңе де, шыққаны шөмеле ме,
дән риза жағалай жанның бәрі.
Үміт біткен айналып құр күйікке,
Ұмтылғаным бекер ме тым биікке,
Қондырмасаң, ағайын, күнді иыққа,
тұңғиыққа біржола сүңгиік те!
Кім қалары белгісіз,
кім шығары,
көңіл шіркін әзірге тыншымады.
Озбады ма,
озды ма елден кеудем,
көлбеңдеумен келеді бір Шың әлі. 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шың өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Шың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері