Қиқу сала шыққанда бәрі ұмтылып –
Сәкен Иманасов
Бұл бетте «Қиқу сала шыққанда бәрі ұмтылып» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қиқу сала шыққанда бәрі ұмтылып,
Кейін қалып қойдым ба сәл іркіліп?
Асау шабыт қалыпты аласұра,
Жанарында жап-жасыл жалын тұнып.
Ұран сала тиіс те өр тірлікке,
Ақ шабыт, аларыңды еркін бүкте!
Қайтадан саңқ-саңқ етіп самғашы бір,
Қайта шыққан қырандай еркіндікке.
Осылай айқайды бір асырып ап,
Кетейін пенделіктен қашығырақ,
Көгінде жай отындай жарқылдайын,
Бір күшпен басқалардан басымырақ.
Ұшып-ақ кетердей боп мүлде құздан,
Тақа бір таусылғанша тілдегі ізгі ән.
Көрейін қас жүйріктей аңырап шын,
Бүйірі дүбір десе күнде қызған.
Қалмайын қайдағыны жиып-теріп,
Самғайын сеніменен биікке еріп.
Тұрайын туған жерге жүрегімнің
Шырынын жомарттықпен құйып беріп.
Сен жақтан алай-түлей күркіреп күн,
Төнгенде түсі бөлек бұлты көктің,
Қалайын құлақ түріп сарынына,
Қосардай арыныма бір тың екпін.
...Халқым, мені осылай сынап түсін,
Жетпесе құйғытуға қуат-күшім,
Шырқап-шырқап барып ап,
Жоқ болармын
Бір шыңнан табаныңа құлап түсіп!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі