Мезгілінде бере алмаған Ерге дем – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Мезгілінде бере алмаған Ерге дем» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.06.2021
  • 0
  • 0
  • 746
Мезгілінде бере алмаған Ерге дем.
пейілі кең,
зейіні кем елден ем,
қайығым да қала берер қайырлап,
үрке қашып үдей соғар жел менен.
Мен дегенде бұтағын да бұлдап тал,
самал еспей, сараңдарша сырғақтар,
көздің жасы кермек татыр лезде,
ащы етіме қатты батып тырнақтар...
Жауымнан да, жауыннан да жасқана,
жон арқамды тосқан болам, масқара!
Күйінгенім өз алдына,... әйтеуір,
иілмедім бір құдайдан басқаға.
Соның өзін кешіре алмай ағайын,
дау-дамайға толып берер маңайым, —
Қаңғып-ұлып құлағымның түбінен,
жаңғырығып — жан түршігер жабайы үн.
Аузымды да ұстар едім құлыптап,
дәл қазіргі хал-күйімді кім ұқпақ,
мен дегенде —
шәу-шәу етіп жатқаны
ауыл үйдің иттері де үріп қап.
Тастай қатқан тағдырым да керең бе,
тамырымды жібермей тұр тереңге.
Күндетпеді қарағайды қайқы өскен,
үндетпеді иір бұтақ еменге!
"Қой!" — дерімді біле алмадым кімге ұрсып,
сөйлемесім, сөйлерімді білгірсіп,
маңдайым да тарлау ма еді шыр бітпес,
айналдырып алды-ау мені бір қырсық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мезгілінде бере алмаған Ерге дем өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Мезгілінде бере алмаған Ерге дем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мезгілінде бере алмаған Ерге дем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мезгілінде бере алмаған Ерге дем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері