Бұл бетте «Азамат деп жүргенім» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Азамат деп жүргенім,
айырылса беделден,
Сен айтпасаң —
білмедім,—
енді кімге сенем мен?
Сен құл болсаң,—
ол да құл,
құлдар қалай тіл таппас?
Біз баратын жол ма бұл,—
шамаң жетсе —
шырқап қаш!
Қайыры жоқ біріңе,
кім болады бұл бізге?
Тақылдаған тіліне
тамсанумен жүрміз бе?
Өнеге де,
үлгі де
осы десең ендігі,
ел дегенің дүрліге
еретіні белгілі.
Қаптады ма көзге шел,
түк көрмей ме тегінде,
Соның сөзі — сөз десе ел,
сандалыпты елің де!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі