Бұл бетте «Тереңі-ай мына суат түбінің» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жоғалтып тағы да бір ердің Ерін, Елсізде еңірегім келді менің. Екі рет тумайды деп ондай ұлан, Елімді енді қалай сендіремін?!
Қызғалдақтай көктемде гүлдеп берген, Су төгілмес жорғадай жүрдек келген, Қай ақын бар бақ, талант түгел дарып, Қалам алған шақтан-ақ құрмет көрген?...
Көрінгенге өтпеген сөзді шығын, Ері қайсы, білуші ем, ез кісі кім. Ал Сен болсаң, қашанғы хас шеберсің қашап жатқан жалықпай өз мүсінін!
Хабарлама
INFO
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі