Теріс қарап түксиіскен, түнерген –
Сәкен Иманасов
Бұл бетте «Теріс қарап түксиіскен, түнерген» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Теріс қарап түксиіскен, түнерген,
Не жақсылық күтем дейсің бүл елден.
Еркіндікті алсақта ойып ортадан,
ескілікті аңсап қойып жүрем мен.
Одыраңдай орын алып төрден құл,
жанарымен жер шұқыса көргенді ұл,
оңып қайда барам дейсің, ағайын,
не барқадар табам дейсің елден бұл.
Көкіректе қалмағандай оттан түк,
жүректен де, тірліктен де жоқ тамтық.
Алаяқтар аяқтыға жол бермей,
Ауыздарға сөз бермейді көп тантық.
Жер ортасы жастан ауа бергенде,
кезіктіріп кесірлі құл, кердеңге,
жыланбасқа қоймады ғой қу тірлік.
...Бұдан басқа жоқ қой бірақ ел менде!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі