Асыл айым, несіне жасырайын – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Асыл айым, несіне жасырайын» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1169
Асыл айым, несіне жасырайын,—
(өз жарамды өзім-ақ қасынайын),
мен дегенде,.. әйтеуір,—
кем дегенде — дәлдеп атар
тағдырдың тасы дайын!
Балдырғанды бұлақтан тосып елді,
түзелді ме дегенде көшім енді,
қағып кете береді
қайдағы бір жырындылар
жырымдап несібемді.
Бағымнан ба маңдайға дарымаған,
қандай ызғар кеудемді қарымаған,—
оңай олжа көргені өзгелердің
оралмай-ақ келеді әлі маған...
Теріс ұғып тектісі,
қуы — нанбай,
көңіл бүгін көбінен суығандай.
Құдайың да қырсығып,
мен де ішпеген
бара жатыр тіршілік уы қалмай.
Көңіліме көгінен құс аулатпай,
тұқыртқаны-ай тағдырдың
тұсаулы айттай.
Көншімейтін еді ғой, көзге ілгенің
көбік қарға көмдіре үш аунатпай!
Бірер күндік билікке мәз қағынды,
қызғанады менің де аз бағымды.
Құтырғанның бәріне көз түрткі етіп,
білмедім, тағдырға не жазғанымды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асыл айым, несіне жасырайын өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Асыл айым, несіне жасырайын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асыл айым, несіне жасырайын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асыл айым, несіне жасырайын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері