Бұл бетте «Кім аңсар» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өттің бе, түн?
Өттің, түн,—
қамықтырып,
қайғыртып,
көрмесін деп көп қыртың,
үркер көктен тайды үркіп.
Түңілмесе, жарады,
берекесі жоқ елден,—
Ай да батып барады,
аузы-басы кеберген.
Тірі жанның бәрінен
безінем деп ежелден,
Айырылып әрінен
аспаның да безерген.
Жанның бәрі ұйқыда,
әннің бәрі шырқалған,
Қарасаңшы сиқыңа,
не күтесің бұл таңнан?
Көрінбейді көркем бел,
өтті-кетті құмар шақ.
Келе қояр ертеңдер
жүр деп едің кім аңсап.
Тағы бір таң атырдым,
тағы да бір өттің, түн.
Ұйқылы-ояу жатырмын,
ештемеге жоқ құлқым...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі