Бұл бетте «Біреуіне исіндім» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Біреуіне исіндім,
біреуіне исінбей,
біреуіне сүйсіндім,
біреуіне сүйсінбей,
біреулерін жақтырдым,
біреулерін жақтырмай,
бірін бәйек қақтырдым,
біріне сын тақтырмай.
Бірін құрмет тұттым да,
бірін құрмет тұтпадым,
біреулерін ұқтым да,
енді бірін ұқпадым.
Арамзадан ұтылдым,
адалынан ұтылмай,
саналыдан құтылдым,
жағалыдан құтылмай.
Өңім бе жоқ — түсім бе,
ендігісін кім білген,
осындай ел ішінде
өмір сүріп жүрмін мен!...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі