Тұңғыш президент туралы талғам

Бұл бетте «Тұңғыш президент туралы талғам» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тәңірім бере ме деп бар тілегін,
Ел бастап ертеңдерге тартып едің,
Сыртыңнан сынай қарап жат, таныс та
Естіліп жатты алысқа, Нұреке, жалқы демің.

Күш беріп кеудең толы күллі сенім,
Алты алаш тілеуіңде жүрді сенің.
Кемеңгер көсемнің де, шешеннің де,
Ұстаған ел тізгінін, Нұреке-ау, тұңғышы едің.

Қайырмасы:
Бұйырып маңдайыңа биік ерлік,
Қиналған кезіңді де жиі көрдік.
Басқадан орның бөлек бір тұлғасың,
Тәңірдің бере салған, Нұрекем, сыйы дерлік.

Шиырлап кете бермей кешегі ізді,
Көшті де сен түзедің, көшемізді,
Бұғауын бодандықтың быт-шыт қылдың,
Қайтарып жатқа кеткен, Нұреке, есемізді.

Қазақтың Нұры да сен, Сұлтаны да,
Туғанша қашан Сендей ұл тағы да,
Алты арыс аға тұтқан Абылайдай
Аңыз боп қалады атың Нұреке-ау, ұрпағыңа.

Қайырмасы
Хан болып, қалқан болып сүйікті елге,
Бастай бер биіктерден, Нұреке-ау, биіктерге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұңғыш президент туралы талғам өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Тұңғыш президент туралы талғам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұңғыш президент туралы талғам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұңғыш президент туралы талғам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері