Дегбір таппай дедектеткен күш қандай

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Дегбір таппай дедектеткен күш қандай,
Айырмайтын шақта ненің не екенін.
Ғашық жүрек көкке қарай ұшқандай,
Антын беріп, суын іштім некенің.
Ерте бастап, аяқталды неге ерте?
Бүгін сағым жүрген шағым наздана.
Кері айналар кассета емес, егер де
Шамам келсе тоқтатар ем аз ғана.
Шымыр сөз де шағын екен, шамасы,
Қысып берген бақытта да – қысқалық.
Қарындаштың жаза білмес жаңасы,
Өлең өрдім өмір-сынға ұшталып.
Үйренгенмен қуыс үйден құр шықпай,
Бақыт қайда асығады күтпей кіл?!
...Тағдыр, мені айналдырдың ұршықтай,
Жолымды енді иірілген жіптей қыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дегбір таппай дедектеткен күш қандай өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Дегбір таппай дедектеткен күш қандай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Дегбір таппай дедектеткен күш қандай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дегбір таппай дедектеткен күш қандай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері