Көздеріңнен ұшқын түсті, өртендім – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Көздеріңнен ұшқын түсті, өртендім» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 586
Көздеріңнен ұшқын түсті, өртендім,
Оңашада ес жия алмай дерт емдім.
Қос қанатым болса, ұшып жетер ем,
Болжай алмай не боларын ертеңнің.
Көңілімді жұбата алмас мұңды өлең,
Мұңды қалай жеткізермін тілменен.
Жайып салып қан жылаған жүректі,
Жалынамын, «көмектес» деп кімге мен?
Жүректегі жеңілдейді жүк қашан,
(Дәрменсіз жан не істей алар ұқпасаң)
Мен өлермін...
көздеріңнің ішінен –
Бір тамшыдай жас боп сыртқа шықпасам...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көздеріңнен ұшқын түсті, өртендім өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Көздеріңнен ұшқын түсті, өртендім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көздеріңнен ұшқын түсті, өртендім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көздеріңнен ұшқын түсті, өртендім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері