Нәпсі жетегінде

Бұл бетте «Нәпсі жетегінде» атты Әміре Жанабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жүрекке енсе, күдік көп,
Тура жолдан тайдырған.
Нәпсіге ерер аңғал топ,
Бос әуреге салынған.
Тура жолды көрсе де,
Көр соқырдай жаңылар.
Тәубеге қайта келсе де,
Нәпсі арбауы табылар.
Көпке ерер қу маңдай,
Ақырын әсте ойламай.
Адастырар басқаны,
Ақиқаттан қашқанды.
Иманы кәміл болмаса,
Нәпсіге қарсы тұрмаса,
Көмегіңнен не пайда
Сөзің оған далбаса.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нәпсі жетегінде өлеңінің авторы кім?

Әміре Жанабай — осы өлеңнің авторы.

Нәпсі жетегінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нәпсі жетегінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әміре Жанабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нәпсі жетегінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер