Жалғаннан жарық таппай – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Жалғаннан жарық таппай» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2409
Жалғанда кім бар бүтін арманы?
Байғұсты, бәлкім, шүкір алдады.
Қашатын мылқау, құса тірліктен
Өз еркімен еш құтыла алмады.
Солды дедік біз сезінсе гүлді.
Өзекті жансың-өзіңше мұңды.
Шошындым сенсең, кеңістіктен де,
Құбылып дүние, көзіңше күлді.
Аяқ басамын - жар-құз, мың ағын.
Сынған көңілді әр күз құрадым.
Сәулесіне малданып осы өлеңнің
Жалғаннан жарық таппай жалғызсырадым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғаннан жарық таппай өлеңінің авторы кім?

Айсұлу Рүстемова‎ — осы өлеңнің авторы.

Жалғаннан жарық таппай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғаннан жарық таппай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айсұлу Рүстемова‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғаннан жарық таппай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері