Бұл бетте «1995 жыл» атты Айсұлу Рүстемова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жұрт ұйқыда,
Қалың ұйқы құшағы.
Сағат тық-тық,
өтіп болмас, үш әлі.
Өрекпіген
Көңіліме су сеуіп
Әлдебір ой
Қиялымды тұсады.
Құрастыру,
Сөгілу мен қақырау.
Қирап сәлден
Шыға келу, шатынау.
Бүтін нәрсе
Іздеп едім өмірден,
Аспан түпсіз,
Көре алмадым , апыр-ау.
Қайғы келіп,
Шалғынымды таптадың.
Өзім ғана
ұғынатын шатпағым.
Қай бетіммен
Ақ қағазға түсірем,
Қара күйе
Қабырғама батқанын...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі