Адам өмір сүреді
Бұл бетте «Адам өмір сүреді» атты Айсұлу Рүстемова жазған өмір туралы өлең берілген.
Күн батады телміріп,
Жел де жөнін айтпайды.
Сезіміңді өлтіріп,
Жанды үгеді жат қайғы.
Сен біреуді іздейсің,
Сыр бөліскің бар шығар.
Күдеріңді үзбейсің
Үміт түбі таусылар.
Күліп бір күн жүрегі,
Көңіліне күй еніп,
Адам өмір сүреді
Жоқ нәрсеге сүйеніп.
Күн батады телміріп,
Жел де жөнін айтпайды.
Сезіміңді өлтіріп,
Жанды үгеді жат қайғы...
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі