Ойнама тағдырмен, ойнама – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Ойнама тағдырмен, ойнама» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ойнама тағдырмен, ойнама,
«Тағдырым қолда» деп ойлама.
Ғайыптан тауға да шығарып,
Алтын тәж таққа да мұра ғып.
Оқыстан лақтырып жіберер,
Өлексе сасыған қоймаға.
Мойныңа дорбаны ілгізіп,
Тасқа да табанды тілгізіп,
Салады сорлатып қойға да.
Тағдырмен ойнама,
Қолда деп тағдырым ойлама.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері