Жарқылдап өткен күндерім – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Жарқылдап өткен күндерім» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жарқылдап өткен күндерім,
Арманға тұнған түндерім,
Көзімнен ұшқан гүлдерім,
Жалын боп шарпып жанымды
Өтетіндеріңді білмедім.
Кететіндеріңді білмедім.
Бүгінгі думан-дүрмегім,
Сайран сап сақ-сақ күлгенім.
Сапырып, шалқып жүргенім,
Өшіріп қайта өртімді,
Өкініп көзді ілмедім.
Өткенді қайдан іздермін.
Алқынбай, талмай, арымай,
Түгіңе тозаң дарымай,
Лебіңмен мәңгі қарымай,
Зымырап зулап өттің-ау,
Бал дәурен жастық шағым-ай,
Жібек жал арғымағым-ай!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері