Сәмбі тал – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Сәмбі тал» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тамырлап тақыр шөлге өніп,
Желегін жайып желге өріп,
Жапанда жалғыз сәмбі тал,
Сыңсиды баяу тербеліп.
Нәр алып таңның шығынан,
Шырқырап айтар шыбық ән.
Тағдырға налып шағынған,
Мұң-зарыңды ұғынам.
Мұнар мен мұңға малынып,
Желегін желпіп жамылып,
Көктен кеп түскен Тәңірдей
Дара нұр көзге шалынып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері