Ұлы далам – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Ұлы далам» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ұлы далам, ұлы анам,
Құдіретіңе табындым.
Сағым жортқан боз жусанды,
Сардаламды сағындым.
Ұлы қала болған емес,
Болмайды да ешқашан.
Ұлы қала деген болсам,
Ақылымнан жаңылдым.
Ұлы дала, ұлы ананың,
Балапаны – қалалар.
Дала біреу, ал қалалар,
Жүздеп, мыңдап саналар.
Орман-тау да,
Бақша-бау да,
Алақаныңда ұлы анам,
Сенде туды,
Пайғамбар да, Перғауын да даналар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлы далам өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Ұлы далам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлы далам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлы далам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері