Жұбайым Күміскүлге
Бұл бетте «Жұбайым Күміскүлге» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен әке де, сен ана он балаға,
Көшіп келдік у-шуы мол қалаға.
Бақыт, байлық бастағы – жалғыз өлең,
Тәуекелге бел бумай жол бола ма?
Теңелгенше тең-құрбы қатарына,
Тізгін бермей талай таң атады ма?
Қара нанға қараса бала-шаға,
Қабырғаңа қаттырақ батады ма?
Өткен өтті, оған кім өкінеді,
Бұра шапсаң бұғана бекінеді.
Бала емеспіз, балаға ата-анамыз,
«Бүлдірдің» деп кім бізге жекіреді?
Қиналарсың көнелеу киіміңе,
Сынап жатыр сырттан кеп кім үйіңе?
Арман бар ма тырбанып тірлік етіп,
Мен өленнің шыға алсам биігіне.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі