Қара ниет – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Қара ниет» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қара ниет,
Қайырымсыз болсам,
Байлық - бағыңды берме, Тәңірім.
Асқақтап сөйлеп,
Алжасар болсам,
Шалқытар шағыңды берме, Тәңірім.
Екі жүзді,
Өтірікші болсам,
Ақжол, арайлы таңыңды берме, Тәңірім.
Тобамнан,
Жаңылар болсам,
Алтынды тағыңды берме, Тәңірім.
Тұрсам да, жүрсем де,
Жыласам да, күлсем де.
Бір өзіңнің әмірің О, жаратқан Тәңірім.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері