Апыл-ғұпыл асықтырып алға күн

Бұл бетте «Апыл-ғұпыл асықтырып алға күн» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Апыл-ғұпыл асықтырып алға күн,
Қызыл-жасыл түске бояп арманын
Екеумізді шақырады ертегі -
Кемпірқосақ қақпасының ар жағы.

Жо-жоқ, маған керек емес ертегі,
Сенем десе, сене берсін ел тегі.
Өткенімен өкіндіріп, өксітіп
Сүйем мынау өмір дейтін өлкені.

Ертегі әлем, еліктірме, шақырма,
(Бұл мүмкіндік біздер үшін ақырғы, ә?)
Біздің арман дүниеге келе алмай
Бебеулейді тәні бедеу жатырда.

Е, қайтеміз, біз көрмеген құқай ма?
Басымызға қашан бақыт құтайған?!
... Тоқтамады кісі толы автобус
Келесісін күт, айнам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Апыл-ғұпыл асықтырып алға күн өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Апыл-ғұпыл асықтырып алға күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Апыл-ғұпыл асықтырып алға күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Апыл-ғұпыл асықтырып алға күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері